Петропавлдағы Бірлік шағын ауданының маңында екі ірі спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Маңызды істің барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Көпфункционалды мұз аренасында ұзындығы 400 метрлік конькимен жүгіру жолы, халықаралық стандарттарға сай хоккей алаңдары және керлингке арналған алаңдар қарастырылған. Жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда спорттың түрлі бағыттарымен айналысуға арналған барлығы 11 кеңістік құрылады.
Әмбебап спорт кешенінде ұзындығы 50 метрлік олимпиадалық бассейн және гимнастика, фитнес, күрес секілді спорт түрлеріне арналған жеті мамандандырылған зал болады. Спорт кешені төрт қабаттан тұрады. Болашақта жерлестеріміз мұнда 20-ға жуық жазғы спорт түрімен айналыса алады.
«Болашақта спорт нысандарында халықаралық додаларды да өткізе аламыз. Сонымен қатар, спортшыларымыздың шетел мен өзге өңірлерге бармай-ақ, үйде дайындалуға береді. Сондықтан ғимараттардың саппасы жоғары болуы тиіс», — деді СҚО әкімі.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы жылу магистралдары қайта жаңғыртылуда

