Петропавлда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Заңмен 24 сағат» атты квест ойыны өтті. Шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Заңмен 24 сағат» атты квест ойыны өтті. Ең алдымен қатысушылар төрт топқа бөлініп, өздерін таныстырды. Кейін оларға ұйымдастырушылар ойын тәртібін түсіндірді.

Петропавлда "Заңмен 24 сағат" атты квест ойыны өтті
Петропавлда «Заңмен 24 сағат» атты квест ойыны өтті

«Қатысушыларға арнап 4 бекет дайындадық. Оның әрқайсысында жастардың құқықтық сауаты, логикалық ойлауы мен топпен жұмыс істеу қабілеті сыналады. Шара аяқталғаннан кейін жауап парағын тексеріп, жеңімпазды анықтаймыз. Белсенді ұл-қыздарды бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Түсіндірме жұмыстарына қарағанда осы сияқты интерактивті шаралар арқылы жастарға көп дүние үйрете аламыз», — деді СҚО жастар ресурстық орталығының жетекшісі Анастасия Волкова.

Бірінші бекетте қатысушылар полиция формасын белгіленген талаптарға сай әрі ретімен кию қажет. Уақытқа да ерекше мән беріледі. Ал келесі станцияда жастар «Заң және Тәртіп» тақырыбында түрлі сурет салуы тиіс. Бұл кезеңде жұмыстың мазмұны мен әсемдігіне баса назар аударылды.

Жастар қалған екі бекетте құқықбұзушылық пен денсаулық тақырыптарында тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, өздерін бір сәт судья ретінде сезініп, сот процесін жүргізді. Ұл-қыздардың қарқыны жаман емес. Ең бастысы шара олардың көңілінен шықты.

Петропавлда "Заңмен 24 сағат" атты квест ойыны өтті
Петропавлда «Заңмен 24 сағат» атты квест ойыны өтті

«Біздің топқа шарада нашақорлық пен есірткі қылмысына байланысты сұрақтар қойылды. Алдын алу мен қорғану жолдары сұралды. Тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадық. Сайыста топ жаруға бар күшімізді саламыз», — деді сайысқа қатысушы Дияра Гулмятова.

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі заманауи спорт нысанының құрылысы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *