Жыл басынан бері Петропавлда абаттандыру қағидаларын бұзудың екі мыңға жуық фактісі анықталды. Жалпыға ортақ ережені бұзған жандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жамбыл көшесіндегі ательелердің бірінің жанында қоқыс жәшігі болмағандықтан, ғимарат маңында ретсіздік байқалған. Учаскелік полиция инспекторлары нысан иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, заң бұзушылықты жою мерзімін белгіледі. Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

20-сәуірде полиция қызметкерлері түрлі меншік нысандарының өкілдерімен кездесті. Шара аясында абаттандыру қағидалары мен аумақтардың санитарлық жағдайын сақтау мәселелері бойынша ауқымды түсіндіру-профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс-шара барысында 15 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жамбыл көшесіндегі ательелердің бірінің жанында қоқыс жәшігі болмағандықтан, ғимарат маңында ретсіздік байқалған. Учаскелік полиция инспекторлары нысан иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, заңбұзушылықты жою мерзімін белгіледі. Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

«Жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 1921 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу, қалалық инфрақұрылымды немесе жасыл желектерді бүлдіру үшін ескерту не айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті (86 500 теңге) құрайды. Кәсіпкерлер үшін айыппұл көлемі жоғары: бизнес санатына (шағын, орта немесе ірі) қарай 30-дан 100 АЕК-ке дейін», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Шетелдік инвесторлар мен IT-мамандар үшін елге кіру тәртібі жеңілдеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *