Петропавлда ағаштарды сындырып кеткен компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Петропавлдағы құрылыс компанияларының бірі қаланың орталық көшесінде өсіп тұрған ағаштарды сындырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеден  асады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тұрғындардың өтініштері бойынша өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізген. Нәтижесінде құрылыс компаниясының облыс орталығында жасыл желекті зақымдағандығын анықтаған.

«Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесіндегі жасыл желектерге келтірілген залал – 1 086 750 теңгені құрады. Осыған қарамастан, полиция органдары әкімшілік іс жүргізуді қозғау туралы шешім қабылдаған», – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура мен соттың араласуынан кейін ғана материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Кейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданды.

«Тергеу нәтижелері бойынша медиативтік келісім жасалды, мемлекетке келтірілген залал толық өтелді, құрылыс компаниясы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ағаштарды өтемдік отырғызуды қамтамасыз етеді. Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Петропавл қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды», – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Қадағалау органы жеке және заңды тұлғаларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-1-бабы бойынша бұталар мен ағаштарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені үшін белгіленген әкімшілік жауаптылық туралы еске салады, онда 184 600-ден 1 846 000 теңгеге дейін әкімшілік айыппұл түрінде жаза қарастырылған. Елеулі залал (100 АЕК-тен астам) кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген. Сонымен қатар өсімдік түріне байланысты 50-ден 100 есеге дейін зақымдалған жасыл желектердің орнына өтемақы отырғызуды қарастырады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт ауданда ет өндірісі төмендеп кеткен

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x