Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар, Уәлиханов, М. Жұмабаев және Мамлют аудандарында ет өндірісі төмендеп кеткен. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижановтың сөзінше, 2024 жылдың алғашқы екі айында облыстың экономикалық өсімі 109,3 пайызды құраған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 23,5 млрд теңгеге жетіп, 3,4%-ға өскен. Өңірде сүт өндірісі – 14,7 пайызға, жұмыртқа – 4,5 пайызға артқан. Ал ет өнідірісі керісінше 3,5%  төмендеген.

«Өткен екі айда ет өндірісі Қызылжар ауданында – 37,8 %, Уәлихановта – 23,2, М. Жұмабаев ауданында – 20,2 , Мамлют ауданында – 9 пайызға азайып кеткен. Ал Ғ. Мүсірепов ауданында жұмыртқа өндірісі 0,4 пайызға төмендеді», – деді облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкіміне 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша даму көрсеткіштерінің өсімін қамтамасыз етуді тапсырды. Және ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе жұмыс істеп, көрсеткіштер төмендеп кеткен саланы дамыту қажет екенін айтып өтті.

Тағы оқыңыз:Петропавлдық кәсіпкерлер үшін бөлек салық мөлшерлемесі үш пайызға дейін төмендеді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x