Петропавлдық кәсіпкерлер үшін бөлек салық мөлшерлемесі үш пайызға дейін төмендеді

Қалалық қоғамдық кеңесте бөлшек салық мөлшерлемесін азайту сұрағы қарастырылды. Кәсіпкерлер оны төрт пайыздан екі пайызға дейін түсіруді сұраған болатын, деп жазады Qazaqstan Media  тілшісі.

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер бұл мәселені бірнеше рет көтерген еді. Облыстық әкімдік өкілдерімен, кәсіпкерлер палатасымен талқылады. Өзге өңірлердегі жағдайды зерттеп көрді.

«Жергілікті органдардың шешімі бойынша төрт пайыздық  мөлшерлеме қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне байланысты  екі есеге дейін төмендетілуі мүмкін. Қазіргі уақытта салық ставкасы Қазақстанның сегіз облысында екі пайызға  және Астанада үш пайызға дейін төмендетілді», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Марат Ысқақов.

Оның айтуынша, бөлшек салықты 360 қызмет түрінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын бизнес субъектілері қолдана алады. Бұл тізімді Қазақстан Үкіметі бекіткен. 2024 жылға салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешім 31 наурызға дейін қабылдануы  тиіс. Жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істейтін 11 мың бизнес субъектісінің тек 46 пайызы  бөлшек салыққа ауыса алады. Оның ішінде тек 183 кәсіпкер салық салу режимін өзгертуге міндетті.

«Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан басқа, интернет арқылы, электрондық сауда алаңдарында, бірлескен сатып алулар бойынша сауда жасайтын бизнес субъектілеріне бөлшек салыққа ауысу тиімді. Олардың айналымы үлкен және табысы жоғары. Бөлшек салық ставкасы екі пайыз болғанда бюджет шығыны Петропавл бойынша 150 млн теңгені құрайды. Ал үш пайыз болса,  бюджетке түсетін табыс 28 млн теңгеге немесе одан да көп өседі», – деп толықтырды Марат Ысқақов.

Қоғамдық кеңес мүшелері бөлшек салық мөлшерлемесін төрт пайыздан үш пайызға дейін төмендету бойынша шешімді бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл қаңғыбас иттерден 90-нан астам адам зардап шеккен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x