Петропавлда 600 отбасы баспаналы болды

Бүгін Петропавлда жалдамалы-коммуналдық алты көпқабатты үй қолданысқа берілді. «Береке» шағын ауданында орналасқан баспаналардағы 600 пәтер көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бұйырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов пәтер кілттерін табыстау салтанатына арнайы қатысып, қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады.

Петропавлда 600 отбасы баспаналы болды

Петропавлда 600 отбасы баспаналы болды

«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Тұрғындарға баспана қол жетімді болуы керек. Бұл – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы. Облыста бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылуда. Бүгін тапсырылып отырған 6 үй соның айқын дәлелі. 600 отбасы қоныс тойын атап өтеді. Бұл көпбалалы отбасылар, жетімдер, мүгедектер және толық емес жанұялар. Айта кету керек, бүгіндері «Береке» шағын ауданында 2 мектеп, спорт кешені мен балабақша салынуда. Жақын күндері емхана ашылады. Яғни, тұрғындардың жайлылығы үшін барлық жағдайлар жасалады», — деді қоныс той иелерін құттықтаған облыс әкімі.

Владислав Варлаков 15 жыл бұрын әйелі қайтыс болған соң ауылдан қалаға көшіп келген. Содан бері пәтер жалдап тұрған. Ал 3 жыл бұрын ол тас жолда баланы құтқарамын деп өзі мүгедек болып қалған. Қазір жұмыс істемейді.

«Өзім жұмыс істемеген соң пәтер жалдау да қиындай түсті. 4 балам мен немерелерім бар. 15 жыл бойы кезекте тұрдым. Бейсенбі күні әкімдіктен қоңырау шалып, пәтер беріледі дегенде қуанышым қойныма сыймай кетті. Енді 3 бөлмелі пәтерде барлығымыз бірге тұратын боламыз. Облыс және қала басшылығына алғысым шексіз», — дейді Владислав Варлаков.

Баспаналы болғандардың тағы бірі – Вероника Иванова. 7 баланың анасы 20 жылға жуық уақыт жалдамалы пәтерлерді жағалап келген. Өзі қаладағы дәмханалардың бірінде жүргізуші болып жұмыс істейді. Әрине, жалақысы мардымсыз болғандықтан пәтер алуға жағдайы болмаған. Содан 2014 жылы тұрғын үй кезегіне тұрған.

«Шыны керек, кезегім ешқашан келмейтін шығар деп ойладым. Күдерімді де үзген едім. Әкімдіктен қоңырау шалғанда да сенбедім. Бүгін міне, 3 бөлмелі пәтердің кілтін алып, қуанып қалдым», — дейді көп балалы ана.

Жыл соңына дейін Петропавлда тағы 22 көпқабатты үй тапсырылады. Сөйтіп, екі мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ.

Петропавлда 600 отбасы баспаналы болды

Тағы оқыңыз: Петропавлда ақша бопсалаумен айналысқан жігіт ұсталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x