Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының тыл кафедрасы «Әскери логистика. Тарихы, жағдайы және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Іс-шара барысында еліміздегі бірнеше жоғары әскери оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі – қазіргі заманғы әскери қақтығыстар жағдайында жаңа сын-қатерлерге тап болатын әскери логистика. Алдағы уақытта іске асырылуы мүмкін тәжірибелік шешімдерді әзірлеу үшін және одан әрі ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық ұлан академиясы мен Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтының тыл кафедрасы, сондай-ақ ҰҚК шекара қызметі Академиясының материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

«Іс-шара бұрын академия деңгейінде ғана өткізілсе биыл бірінші рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылған. Оған СҚУ-нің ғалымдары қатысты. Және мемарандумдарға қол қойылды. Осы бойынша 2 жақтық жоспар құрылып, соған сәйкес іс-шаралар ұйымдастырамыз”, – деді ҚР ҰҰ академиясы әскери-ғылыми орталығының бастығы Жомарт Атығаев.

Іс-шараға 100-ден астам маман қатысты. Конференция  әскери логистика және әскери мамандарды оқыту саласындағы күрделі міндеттерді тиімді шешу үшін ұйымдастырылды. Сондай-ақ қажетті білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы әскери ғылым үшін маңызды сұрақтарды талқылады.

«Бүгінгі конференция менің мамандығыма тікелей қатысты. Біз заманауи технологияларды қолдануда өзара тәжірибе алмастық. Көп нәрсені білдік», –  деді ҚР ҰҰ академиясының курсанты Нұржан Қорабайш.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x