Петропавл тұрғындары әкімдік уәде еткен жаңа пәтерге қол жеткізе алмай жүр. Жергілікті билік тұрғындар таңдаған баспана бағасы тым қымбат болғандықтан, сатып алу рәсімі тоқтап қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Үйін сүруге келісім берген  зейнеткер Аманбай Осипов 45 шаршы метрден тұратын пәтер іздеп тапқан. Мүлік иесіне бірден 300 мың теңге ақшасын алдын ала төлеп қойған. Бірақ шенеуніктер тендер өткізсе де, келіскен қажетті соманы аудармаған. 

«Мамыр айында отын алатынымды айттым. Биыл не істеймін? Алмаңыз, биыл үй сүріледі деді. Үйдің алдын ала ақшасын бердік. Енді қазір не істерімізді білмей отырмыз», – деді Аманбай Осипов. 

Тұрғындардың айтуынша, отыздан артық үй иесі осындай жағдайға тап болған. Барлығы қарыз алып, екі жүз мың теңгеден бастап, жарты миллион теңгеге дейін алдын ала төлемдерін жасап қойған. Енді тұрғындар ақшаларынан айырылып отыр.

«Сатушылар мен сатып алушылар пәтердің өзіндік құнын көтеріп, өзара келісіп алған болуы мүмкін. Бұл жемқорлыққа әкеледі. Ал, үйді сатушыларға тұрғындардың ақшасын қайтаруды сұраймыз. Себебі, ол үйді алатын азаматтар емес, біз. Яғни, мемлекет», – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров. 

Әкімдіктің мәліметінше, биыл 400-ге жуық жер үй сүрілуі керек болған. Оның отызын ғана әкімдік сатып алып, иелеріне жаңа пәтер берген. Ал, қалған тұрғындардың барлығымен жаңа келісімшарт жасалады. 

Тағы оқыңыз: «Қазақстан халқына» қоры Есіл ауданындағы мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етпек

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x