«Қазақстан халқына» қоры Есіл ауданындағы мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етпек

Биыл А. Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылмақ. Оған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында 250 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебінде ауқымды жоба қолға алынбақ. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында оқу орнының материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылады. Қазір мұнда дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан халқына» қоры Есіл ауданындағы мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етпек

«Қазақстан халқына» қоры Есіл ауданындағы мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етпек
«Қазақстан халқына» қоры Есіл ауданындағы мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етпек

«Алдағы уақытта мектепке жаңа жиһаз әкелінеді. Робототехника, ART-студия және телестудия ашылды. Сондай-ақ кабинеттер қажетті зертхана және қондырғылармен жабдықталады. Жобаны іске асыруға 250 млн. теңге бөлінді. Осы жылдың 15-ші қазанында шаруа толығымен аяқталуы тиіс. Ал, қазір білім ордасында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылыту жүйесі толығымен ауыстырылып, қосымша батареялар орнатылды. Кей бөлмелердің есіктері, едендегі кафель мен линолеум алмастырылды. Жөндеу жұмыстарына барлығы 19 млн 100 мың теңге жұмсалған», – деді А. Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебінің директоры Айдар Сұрағанов.

«Қазақстан халқына» қоры Есіл ауданындағы мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етпек
«Қазақстан халқына» қоры Есіл ауданындағы мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етпек

Бүгіндері Есіл ауданында 28 жалпы білім беретін мектеп бар. Солардың 8-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шаруа жақын күндері аяқталады. Ал, Асқар Игібаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат күрделі жөндеуге жабылған.

«Интернатты жөндеуге «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 126 млн 936 мың теңге бөлінген. Нысанның шатыры, есік-терезелері ауыстырылып, су, кәріз және электр желілері алмастырылуда. Желдету және жылыту жүйесі ретке келтіріліп жатыр. Өртке қарсы дабыл белгісі орнатылып, ғимараттың қазандығы сыртқа шығарылуда. Бүгіндері мұндағы шаруа 82 % орындалды. Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанша аяқталады» – дейді Есіл аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлмира Дауытбаева.

Биыл аудандағы балалардың бос уақытын өткізу орталығы да күрделі жөндеуден өткізілуде. Оған 124 млн теңге қаржы бағытталған. Қазір жұмыстар 50 % тындырылды. Нысан қараша айында пайдалануға берілмек.

Тағы оқыңыз: «Солнечный – 2» шағын ауданының тұрғындары жарықсыз отыр

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x