«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды

Шал ақын ауданындағы «Аю тас» лагерінде ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды. Аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған игі шара биыл 40 зейнеткердің басын қосқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды
«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды

Балалардың соңғы легі лагерьдегі демалысын аяқтады. Енді мұнда көп жылғы дәстүр бойынша ардагерлер үшін демалыс маусымы басталған. «Аю тас» лагеріне негізінен жалғызбасты ата-әжелер, сондай-ақ мүгедектігі бар зейнеткерлер келеді. Демалушылар арасында Қарлығаш Жұмағалиева да бар. Ол Шал ақын ауданында 45 жыл тұрып, әртүрлі ұйымдарда қызмет атқарды. Жергілікті ардагерлер кеңесінде де 9 жыл еңбек еткен.

«Бұл жердің табиғаты әдемі. Айнала аққайыңдар, жасыл желек, көздің жауын алады. Мен осында келіп демалғанды ұнатамын. Сондықтан шақырту алғанда еш ойланбастан келдім. Күніне төрт рет тамақ, ал кешке шай немесе екінші ыстық тамақ беріледі. Дастарханнан жеміс, көкөністер мен тәтті үзілмейді. Бір бөлмеде 4-5 адамнан тұрамыз. Келгенімізге 3 күн болды. Барлығы ұнап жатыр. Бәрі өте жақсы ұйымдастырылған. Медбике де бар. Ол тәулік бойы кезекшілік атқарады. Ең бастысы, біз мұнда бір-бірімізбен сөйлесіп, әңгіме-дүкен құрамыз. Ол мұнда келген жалғызбасты жандар үшін өте қажет», – дейді Қарлығаш Жұмағалиева.
«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды
«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды

 

Ардагерлер мұнда қол қусырып отырмайды. Олар үшін мұнда концерттік бағдарламалар әзірленген. Аға буын өкілдері саяхатқа да шығып, ауданның көрікті жерлерін аралайды. Зейнеткерлер медициналық тексерістен де өтіп тұрады екен.

«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды
«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды

 

«Былтыр демалыс қыркүйек айында басталған болатын. Ал, биыл маусымды күн жылы кезінде  ертерек бастап отырмыз. Қазір лагерьде 40 ардагер демалып жатыр. Ауылдық округтерден 3 адамнан және Сергеевка қаласынан 10 адам келді. Демалысты біз сенбіліктерден түскен қаражаттан төлейміз. Кеше оларға аудандық ауруханадан дәрігерлер келіп, тексеріс жүргізді. Тамақтану жүйесі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсарған. Зейнеткерлер үшін мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Валентина Петрова түрлі іс-шаралар өткізеді. Ертең аудандық мәдениет үйі концерт қояды, содан кейін спорт бөлімі жарыстар ұйымдастырады», – дейді Шал ақын ауданының «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалының төрағасы Тұрар Оразалин.
«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды
«Аю тас» лагерінде шалақындық ардагерлерге демалыс ұйымдастырылды

Ардагерлер лагерьге тамыздың 19-ы келген. Мұнда 10 күн болады. Биыл демалыс ұйымдастыруға 2 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл көбірек. Оған азық-түлік бағасының  қымбаттауы себеп болған. Әр демалушыға күніне төрт мың теңге қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үйлері сүрілетін тұрғындар жаңа пәтерге көше алмай жүр

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x