Петропавлда қоқыс полигоны салынатын болады

Алдағы уақытта Петропавлда жаңа қоқыс полигоны салынатын болады. Өйткені, қазіргісі 80 пайызға толған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы қоқыс полигоны 1996 жылы құрылған екен. Бүгіндері ол 80 пайызға толған. Бүгіндері жаңа қалдық төгетін жер таңдалынып жатыр деді орталық коммуникациялар алаңында журналисттің сауалына жауап берген облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

«Біздің есептеуіміз бойынша қазіргі қоқыс полигоны 5-6 жылға жетуі тиіс еді. Бірақ бүгіндері қоқыс көбейіп кетті. Тиісінше, 2 жыл ішінде толып қалуы мүмкін. Сондықтан қазіргі күні жаңа полигонға қажетті жер таңдалынып жатыр. 3 аумақты қарастырып қойдық. Алдағы уақытта жергілікті халықпен, депутаттармен ақылдасып, олар қарсы болмаса солардың бірін таңдап, құжаттарды дайындаймыз. Кейін қалдық төгетін орынды салуға кірісеміз», – деді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: Алдағы уақытта СҚО-да тіркемелі ауыл шаруашылығы техникалары шығарылады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x