полигон

Петропавлда 50 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Қазіргі уақытта оның 90 пайызы жойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көктем келіп, қар ерігелі бері қала аумағын тазарту және абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Тек бір жарым айда Петропавлдан 2 мың текше метр қоқыс шығарылған. Тіпті соңғы з жылда мүлдем тазартылмаған Новопавловка мен Жұмысшы кентіндегі зират аумағы да жиналды. Бүгіндері тариф бағасы қымбаттағандықтан, көшелердегі қоқыс жәшіктерінің саны да артқан. Осы мақсатта қалалық әкімдік 100 жаңа евроконтейнер сатып алды.

«Петропавл қаласында ірі габаритты қоқысты шығару жұмысы өткір тұр. Ол қатты қалдықты шығару бойынша тарифке енбейді. Яғни, бұл жұмысты тұрғындардың өздері немесе МИБ және ПИК атқаруы тиіс. Алайда, шаруа өте сылбыр атқарылып жатқандықтан, іске қалалық әкімдік кірісті. Қазір ірі габаритті қоқысты шығару жүріп жатыр. Бүгінде полигонға ірі габарит пен зираттан шығарылған қоқыс 700 тоннадай», – дейді Петропал қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

Тағы оқыңыз: Пестрое көлінің жағасы абаттандырылып жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x