абаттандыру

Петропавл маңындағы Пестрое көлінің жағасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағажай аумағына жаңа плитка төселіп, спорттық және ойын алаңдары жөнделеді. «Солтүстік жұлдызы» стелласы да қалыпқа келтірілмек. Шаруа шомылу маусымы басталғанша аяқталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда суға шомылуға арналған екі орын бар. Соның бірі – Пестрое көлі. Бүгіндері оның жағасын жазғы маусымға дайындау шаралары басталды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сай, бүгіндері арнайы бригада 1300 шаршы метр аумаққа керамикалық плита төсеп жатыр. Оның 400 шаршы метрі фарфор плиткалармен ауыстырылады. Мұнда орналасқан «Солтүстік жұлдызы» стелласы да жөнделмек. Оған апаратын баспалдақтар да қалыпқа келтірілуде.

абаттандыру

«Жағажайдағы ойын алаңдарына көлемі 900 шаршы метр болатын жасанды көгал төселеді. Мұнда орналасқан тренажерлар мен спорттық құрал-жабдықтар да жаңартылады. Сонымен қатар, жағажай аумағындағы шағын архитектуралық формалар да қалыпқа келтірілмек. Мердігер компания қызметкерлері бүгіндері көл жағасындағы құмды қопсытып үлгерді. Жуырда тағы құм әкелу жоспарда бар», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

абаттандыру

Демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін көл жағасындағы киім ауыстыратын бөлмелер мен қолшатырлар ретке келтіріледі.

Тағы оқыңыз: ҰБТ тапсыратын ерекше қажеттілігі бар балаларға көмекшілер ұсынылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x