Петропавлдағы «Балдаурен» балабақшасының қызметкерінен туберкулез ауруы анықталды

Петропавдағы «Балдәурен» балабақшасының қызметкері туберкулез ауруын жұқтырған.. Бұл жыл сайынғы профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавдағы «Балдәурен» балабақшасының қызметкері туберкулез ауруын жұқтырған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жағдай жыл сайынғы профилактикалық тексеру аясында анықталған. Қазіргі уақытта бұл балабақша қызметкері уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан босатылған.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығының қызметкерлері балабақшаны дезинфекциялады. Өңдеу екі кезеңде жүргізілді. Бірінші, «Тынығу уақыты» кезінде бассейн, ойын бөлмелері, дәліздер өңделді,екіншісі сағат 19.00-ден кейін балабақшаның барлық басқа бөлмелері өңделді.Дүйсенбіден бастап барлық қызметкерлер тексерістен өтетін болады. Бұл қызметкермен байланыста болған балаларға Манту сынамасы қойылады.»,-дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де бұл ақпаратты растады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x