Петропавлдағы «Абакшино» демалыс базасы қалыпқа келтіріледі

Биыл Петропавлдағы «Абакшино» демалыс базасы қалыпқа келтірілмек. Қазір ондағы зоопарк кеңейтіліп, үрлемелі аквапарк орнатылуда. Бұл жайында Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірдегі демалыс орындары туристерді қабылдауға дайын. Бүгінгі күні Айыртау ауданындағы Шалқар-Имантау курорттық аймағында келушілер үшін 42 нысанның есігі айқара ашық. Оның 10-ы жыл бойы жұмыс істейді.

«Демалыс аймағында жыл сайын материалдық-техникалық база жаңартылып отырады. Келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері де бір орында тұрған жоқ. Әрдайым өзгеріп, ауқымы кеңеюде. Биыл сәуір мен мамыр айында туристерді қарсы алуға дайындық жүргізілді», – дейді Нұржан Садықов.

Демалыс орнындағы үйлердің саны да көбейіп келеді. Мысалы, «Ажар» базасында 30 орындық 2 нысан бой көтеруде. Тағы «Изумрудное» деп аталатын нысанда спорттық алаң салынып жатыр. «Жемчужина» аймағында 3 коттедждің құрылысы жүргізілуде. Олар жыл бойы жұмыс істемек.

«Достарымен, жақындарымен бас қосқысы келетін петропавлдықтар үшін қала маңында «Green park», «Парк отель Пестрое», «Сосновый бор», «Green Wood», «Абакшино» сынды демалыс орындары бар. Соңғы аталған нысанда биыл күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Дәл қазіргі уақытта онда үрлемелі аквапарк орнатылып, жаңа үйлер сатып алынып жатыр», – деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 29 мас жүргізуші ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x