СҚО-да 29 мас жүргізуші ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында 5 күн ішінде 29 мас жүргізуші анықталды. Ереже бұзу фактілері «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Маусымның 7-сі мен 11-і аралығында облыс аумағында «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Осы уақытта полицейлер жол ережелерін бұзудың 1,5 мың фактісін анықтаған.  Көлікті мас күйде тізгіндеген 29 солтүстікқазақстандық ұсталды.

«Полицейлер қала көшелерінің бірінде Мitsubishi маркалы машинаны тоқтатты. Оны басқарған 45 жастағы петропавлдық дәмханалардың бірінен үйіне қайтып бара жатқан. Медициналық куәландыру азаматтың алкогольдік ішімдік ішкенін растады. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды», – деп таратты СҚО ПД баспасөз қызметі.

Осындай заңбұзушылық Қызылжар ауданында да тіркелді. Тәртіп сақшылары Асаново ауылының маңында кетіп бара жатқан Mercedes автокөлігін тоқтатқан. Рөлде отырған 39 жастағы адамның көлік басқару құқығы жоқ, оның үстіне ішімдікке тойып алғандығы анықталды. Қасында отырған жолаушылар да мас күйде болған. Темір тұлпар тізгіндеген азамат 20 тәулікке қамауға алынды.

«Үстіміздегі жылдың 5 айы ішінде Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол-көлік апаты орын алды. Салдарынан, 11 адам жарақаттанып, 4 тұрғын мерт болды», – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіпкерлер бір ауылдың өзінде ауыз суды әртүрлі бағамен сатқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x