СҚО-да кәсіпкерлер бір ауылдың өзінде ауыз суды әртүрлі бағамен сатқан

СҚО-да бір елді мекеннің өзінде ауыз суды әртүрлі бағамен сату фактілері анықталды. Мұндай жағдай Тимирязево ауылында тіркелген. Бұл туралы облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында атылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы табиғи монополиялар субъектілеріне жергілікті бюджеттен 3,5 млрд. теңге субсидия берілген. Оның 3,2 млрд. теңгесі «Есіл Су» филиалына бөлінді. Ауылдардағы тұтынушылар үшін топтық су құбырларынан ауыз суды өткізумен 22 табиғи монополия субъектісі және 180-ден астам дилер айналысады.

СҚО-да кәсіпкерлер бір ауылдың өзінде ауыз суды әртүрлі бағамен сатқан

«Барлық елді мекендерде ауыз су тарифі әртүрлі, 1 текше метр үшін 40 теңгеден 500 теңгеге дейінгі аралықты құрайды. Мысалы, Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғындарын тіршілік көзімен қамтып отырған «Буденное-СК» ЖШС судың 1 текше метрі үшін 40 теңге алады. Ал, Мамлют ауданындағы жеке тұлға Андреева Л.В. 1 текше метр суды 500 теңгеге өткізеді», – деді Сергей Перов.

Тіпті, бір ауылдың өзінде ауыз суды әртүрлі бағамен сату фактілері анықталған. Ондай жағдай Тимирязево ауылында тіркелді. Мұнда тұрғындарға тіршілік көзін «Алпаш» ЖШС және «Тимирязев элеваторы» ЖШС сынды 2 компания жеткізеді. Олардың тарифі бір-біріне сай болмай шықты. Серіктестіктердің бірі 1 текше метр суды 125, ал екіншісі 200 теңгеден  саудалап келген.

«Осындай жағдайлар болмас үшін біздер сумен жабдықтау саласындағы мүдделі органдардың өзара іс-қимыл алгоритмдерін ұсынамыз. Ең алдымен, табиғи монополиялар субъектілерін «тікелей» субсидиялау қажет. Сондай-ақ, ауыз суды сатумен айналысатын ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және тікелей тұтынушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру маңызды», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы.

Тағы оқыңыз: Тілсіз жаудың беті қайтар емес

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x