сотталғандар

Петропавл электротехникалық зауыты колония аумағында шағын цех ашпақшы. Онда трансформатордың ағаштан жасалатын  қосалқы бөлшектері дайындалатын болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі күні облыста 5 түзету мекемесі бар. Олардың аумағында 16 серіктестік пен 5 жеке кәсіпкерлік өз ісін дөңгелетіп отыр. Қазіргі таңда темір тордың ар жағында отырған 531 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта олардың қатары арта түспек. СҚО бойынша ҚАЖД-нің № 48-ші мекемесінде Петропавл электротехникалық зауыты шағын цех ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 150-ге жуық маман еңбек етеді. Биыл мұндағылар 10 млрд. теңгенің тапсырысын қабылдаған. Сондықтан жұмысшы жетіспейді.

сотталғандар

«Бізді қызықтырып тұрғаны осы жердегі ағаш өңдеу цехі. Зауыт шығаратын трансформаторлардың ішінде ағаштан жасалған қосалқы бөлшек бар. Соны осы жерде шығарсақпа дейміз. Жазасын өтеп жүрген 4-5 адамды жұмыспен қамтитын боламыз. Әрі кәсіпорындағы кадр тапшылығы мәселесін де шеше аламыз», – дейді Петропавл электротехникалық зауытының басқарма төрағасы Ерсұлтан Шәмшиев.

Жалпы, ерлер колониясында бүгінгі күні 800-ге жуық адам жазасын өтеуде. Мекеме аумағында 8 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Онда сотталғандардың 40 %-ы екі қолға бір күрекпен қамтылған. Мамандардың сөзінше, түрме аумағында еңбек ету олардың тәртібін түзеп қана қоймай, жаңа мамандықты меңгеруіне септеседі.

сотталғандар

«Біздің негізгі мақсатымыз – жазасын өтеп жатқандарға қолайлы жағдай жасап, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгерту. Оларды еңбекке тартып, түзу жолға салу. Түрмеден босап шыққан соң олар кез-келген ортаға бейімделіп, тезірек жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда сотталғандар киім-кешек тігіп, нан-тоқаш өнімдерін пісіріп, жиһаз құрастырады. Тіпті, құрылыс материалдарын шығаратын цехтарда еңбек етеді», – дейді СҚО ҚАЖД басшысының орынбасары Виталий Алексеев.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы «Абакшино» демалыс базасы қалыпқа келтіріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x