26-шы қыркүйек күні Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев халықпен кездеседі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу сағат 11.00-де Н. Назарбаев көшесі 262 мекенжайында орналасқан Жоғары құрылыс экономикалық колледжінің ғимаратында болады.
«Кездесуге қатысамын деушілер Faсebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы қосыла алады. Ұсыныстар, сұрақтар мен пікірлеріңізді ағымдағы жылғы 24 қыркүйектен 26 қыркүйекті қоса алғанда «Есеп беру кездесулері 2023» Telegram-бот қосымшасында (http://t.me/Otchetnye_vstrechy_2022bot) қалдыра аласыздар. Сонымен қатар, кездесу өткізу күні сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін онлайн көрсетілім кезінде 109 телефон нөмірі мен «Ikomek» ситуациялық орталығында арнайы анықтама қызметі; 8 778 566 14 04 нөмірімен Whatsapp және «Есеп беру кездесулері 2023» Telegram-бот жұмыс істейтін болады, олар арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады», — деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ 22 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 12:30-ға аралығында шаһар басшысы және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары «ашық есік күнін» өткізеді. Жиын С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылады.
Өтініш, ұсыныстарды берген кезде аты-жөніңіз, мекенжай мен байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілуі шарт. Сол кезде ғана өтініштер қаралатын болады.
Тағы оқыңыз: Есіл ауданында «Отбасы ұлттың тірегі» атты отбасылық сайыс өтті