Петропавлда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық мәдениет үйінің директорына қатысты пара алу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мәдениет үйінің директоры 8 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 454 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенеді.

«Бұдан басқа, лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметке кедергі жасап келгендігі анықталды. Ол мемлекеттік сатып алудың күшін жою туралы бұйрықты заңсыз шығару және баға ұсынысы конкурс жеңімпазының ұсынысынан екі есеге дерлік асып түскен басқа қатысушымен шарт жасасқан. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Күдіктілердің кінәсін сот анықтайды», – делінген СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x