2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 1500 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оған қазынадан 143 млрд теңге қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының іске асырылу барысы сөз болды. Сөйтіп, 2027 жылға қарай еліміздегі даму әлеуеті жоғары барлық 3500 ауылды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне дейін жеткізу жоспарланған.

«Біздің басты мақсатымыз – ауылдағы өмір сапасын жақсарту. Нақты нәтижелер де бар. Өткен жылдары жоба шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қаржыландырудың барлық көздерінен 326 млрд теңгеге 3600 жоба іске асырылды», – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, бөлінген қаражатты игеру және жобаларды пайдалануға беру бойынша жақсы динамика Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында байқалады. Бірақ бұл жұмысты ақсатып алған өңірлер де бар.

«Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары осы көрсеткіш бойынша артта қалып отыр. Аталған өңірлердің әкімдері «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға ерекше назар аударуы қажет. Бұл ретте, жобаларды белгіленген мерзімнен кешіктірмей, уақытылы аяқтау маңызды», – деді Үкімет басшысы.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x