Петропавл қалалық әкімдігі жолаушыларды тасымалдайтын мердігер компанияларға қарыз

Петропавлдық кәсіпкер әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын тұрғындарға қызмет көрсеткені үшін төленетін субсидияны ала алмай жүр. Жолаушы тасымалымен айналысатын мердігер компанияға қалалық әкімдік 1 млрд теңгеден астам сома қарыз екен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Қазақстан» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде Петропавлда қалаішілік 18 бағыт бойынша 150-ден астам автобус қызмет көрсетеді. Олар сегіз компанияға тиесілі.

«Әкімдіктің 2022 жылдан бері жиналған қарызы бар. Маған 400 мың теңге берешек. Былтырғы субсидияны толық алған жоқпыз. Биылғы төлем жасалып жатыр. Кадр тұрақтамайды, олардың жалақысын көтеруіміз керек. Техниканы жөндеп, жаңалауға ақша жоқ. Әкімдік берешегін өтемесе де, автобустар сатып алуға міндеттеп отыр», – дейді мердігер компания директоры Болат Рахымов.

Былтыр қала қазынасынан 2,7 млрд теңге субсидия бөлінген. Биыл да дәл осындай сома қарастырылған. Ал қалалық әкімдік өкілдері мердігерлердің сөзін жоққа шығарды. Айтуларынша былтырғы қаржы толық төленіпті.

«Петропавл қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер алдында субсидиялар бойынша қарызы жоқ. Жыл басында белгіленген сома жыл соңына дейін толық өтелді. Тариф қыркүйек айында көтерілді. Міне, осының барлығы, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жасалып жатқан көмек», – деп отыр Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Тағы оқыңыз: Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар СҚО дәрігерлеріне алғыс айтты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x