[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/OUctUBr2-2.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Айыртау ауданындағы «Сырымбет» қалайы және «Ақсоран» вольфрам кен орындарын игерумен айналысатын инвестор компаниялардың басшыларымен кездесті. Жоба жүзеге асса 1500 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы өңірде тау-кен өнеркәсібінің негізі қаланады. Осы металлургиялық комбинаттардың іске қосылуы 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, жақын маңдағы елді мекендердің 10 мың тұрғынына оң әсер етеді.

«Бүгіндері «Tin One Mining» АҚ инфрақұрылымдық нысандарды салу жобаларын бекітті, қалайы өндіру бойынша тау-кен металлургиялық кешенін салу жобасы әзірленуде. «Қазақстан даму банкі» тарапынан қаржыландыру туралы шешім күтілуде. Вахталық қалашық, зертханалар және инженерлік желілер құрылысына дайындық  жүргізілуде», – деп жазған өзінің телеграм каналында Айдарбек Сапаров.

Ал вольфрам өндіретін «Есіл-Mining» ЖШС қазіргі таңда  шахтаның құрылысы, жол мен инженерлік желілердің құжаттарын әзірлеуде. Жер телімдері алынып, қазу жұмыстары жүргізілді. Биыл электр желілері мен инфрақұрылымның құрылысы басталады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x