Облыс әкімі кішкентай солтүстікқазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров теріскейлік ұл-қыздарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл жайында ол өзінің Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір жетекшісі еліміздің болашағы жастардың қолында екенін атап өтті. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бақытты болып өсіп, өз мүмкіндіктері мен әлеуетін іске асыруы үшін барлық жағдайдың жасалып жатқандығын жеткізді.

“Біздің балалар өте талантты әрі жан-жақты. Көбісі спортта, музыкада, өнерде және ғылымда өздерін танытып үлгерді. Сіздердің алар асуларыңыз алда, болашақта әлі талай жетістіктер күтіп тұр. Барлық талпыныстарда сәттілік пен сенімділік жолдас болсын. Еліміздің бетке ұстар азаматтары болуға тілектеспін”, – деп жазды аймақ басшысы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да байланыс пен интернет сапасы жақсарады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x