Николай Усенков: Ауылды дамытып, тұрғындарына көмектесу міндет

Тимирязев ауданының құметті азаматы Николай Усенков бар өмірін ауылшаруашылығы саласына арнаған жан. Туған жерінде тер төгіп, ауылдың дамуына үлес қосып келеді. Сондықтан болар Николай Алексеевичтің ісі өрге домалап, бүгінде өңірге танымал меценатқа айналған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Николай Усенков ауыл тірлігін бес саусақтай жақсы біледі. Себебі еңбекке ерте араласқан. 1977 ж Интернационал орта мектебін бітіргесін-ақ ауыл шаруашылығы саласына бет бұрады. Алғашында механизатор, бас инженер болады. Кейін шаруа қожалығының иесі атанады. Жер ананың қадір-қасиетін жақсы түсінген шаруа, оны тиімді пайдаланып келеді.

«Жұмысшыларға еңбекақыларын уақытылы беріп тұрамын. Одан қалды отын-көмір сатып алуға көмектесемін. Малға азық дайындасамыз. Бұл біздің шаруашылықтың басты міндеті», – дейді Николай Усенков.

Шаруа қожалығының басшысы туған ауылының да тағдырына алаңдайды. Әсіресе, өзі білім алған мектептің жағдайын жақсартуға тырысады. Аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Оқу ордасының жөндеуіне қаражат бөлген. Сондай-ақ қыс бойы ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалайды.

«Туған жердің көркейгені жақсы. Ауылдың жолдарын жөндеп, елді мекенді таза ұстауға тырысамыз. Әлеуметтік нысандарды салдық. Фельдшерлік пункт салдық. Ауылдағы клубты ретке келтірдік. Мұның барлығы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жасалады ғой», – деп өз ойымен бөлісті меценат.

Николай Алексеевич – 5 баланың қамқор әкесі, адал жар. Үлкен ұлдары жоғары білім алғасын әкелерінің жанына келген. Тимирязев ауданында қызмет етеді. Кейіпкеріміз аудандық маслихат депутаты. Тимирязев ауданының құрметті азаматы. Түрлі мерейтойлық медальдармен марапатталыпты. Ал жұмыстан шаршаған кезде көл басына барып, балық аулап, бой жазады.

Тағы оқыңыз: Алдағы күндері елімізде күн суытады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x