"Ауылда жұмыс істейтіндер әрқашан отбасын асырайды" — механизатор Владимир Носко

Владимир Носко Шал ақын ауданы Ольгинка ауылындағы «Альберт» ШҚ-да жиырма жылдан астам механизатор болып жұмыс істейді. Ол өзінің сүйікті ісіне және туған жеріне жарты өмірін арнаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ольгинка ауылында Владимир Носконың әкесі мен атасы туып-өскен. Сондықтан Владимир да осында қалуды шешкен.

«90-шы жылдары жағдай қиын болды ғой. Сондықтан университет туралы тіпті ойламадым да. Ата-анама көмектесу үшін үйге ақша әкелу керек болды. Мен жүк көлігінің жүргізушісіне оқып, жұмысқа тұрдым», – деп еске алады Владимир.

Жұмыстың ауыр-жеңілі жоқ. Ауылда тұрғандықтан денеміз де, рухымыз да берік дейді механизатор.

«Менің атам да, әкем де ауылда тұрды. Танап басында еңбек еткен жандар. Ағайын-туыстар да бақша егіп, шаруашылық ұстады. Қазір ғой біз қаладағыдай өмір сүреміз. Мал, құс жоқ. Біз картопты да екпейміз», – дейді ол.

Владимир бүгінде ата-анасының басты тірегі. Әпкесі көрші ауылда тұрады, ағасы Ресейде. Ол зейнеткер әкесі мен анасына көмектесу үшін қара шаңыраққа ие болып қалған.

«Шабыт болған кезде мен тұшпара мен бесбармақ жасай аламын. Мереке күндері біз достарымызбен кездесеміз. Ауылда ерекше ойын-сауық жоқ. Үйде бас қосамыз, әңгіме-дүкен құрып қайтамыз. Барлығының отбасы, жұмысы бар. Еріншек болмасаңыз, ауылда да күн көруге болады. Табыс та жақсы», – дейді Владимир.

Бұрын ол ескі КАМАЗ-ды тізгіндеген. Қазір шаруа қожалығындағы техника жаңа. Негізінен астықты Новоишимское ауылына не Петропавлға тасымалдайды. Қостанай мен Омбыға да рейстер жасайды. Бос уақытында ол техникадан алыстамайды. Үйдегі көліктерін жөндеп, реттейді. Биыл «Альберт» ШҚ Владимирге жаңа көлік сатып алуға көмектескен.

Тағы оқыңыз:  40 жылын ауыл шаруашылығы саласына арнаған шалақындық механизатордың ісін ұлы жалғастыруда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x