Мереке күндері СҚО-да 10 ұрлық жасалды

Мереке күндері Солтүстік Қазақстан облысында «102» жедел арнасына 1154 телефон хабарламасы келіп түскен. Оның ішінде ұрлық, алаяқтық, отбаслылық жанжал да бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілішсі.

Мереке күндерін полиция қызметкерлері күшейтілген режимде өткізді. «102» арнасына түскен хабарламалардың 369-ы жедел әрекет етуді талап етті.

«Полицияға келіп түскен мыңнан астам хабарламаның 10-ы ұрлыққа қатысты; 3 алаяқтық; 38 – отбасылық жанжал болды. Сондай-ақ, түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 26 фактісі тіркелді», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы Қайырбек Баймөнкенов.

Соңғы үш тәулік ішінде солтүстікқазақстандықтар көбінесе полицияға сағат 18-ден түн ортасына дейін және түнгі сағат 1-ден таңғы сағат 4-ке дейін қоңырау шалған.
31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында облыс жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 5 жүргізуші ұсталды.

Тағы оқыңыз: Мереке күндері СҚО-да жедел жәрдем қызметіне 1925 шақырту түскен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x