ХҚКО

Петропавлдағы мамандандырылған ХҚКО-ның ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 2023-ші жылдың 15 мамырынан бастап көлік желісі бойынша мемлекеттік қызметтер М. Әуезов к-сі 157 мекенжайы бойынша орналасқан №1 ХҚКО ғимаратында көрсетілетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көлік құралдарын тіркеу бойынша қызметтер, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, жүргізуші куәлігі емтиханының теориялық және практикалық бөлігіне өтініш беру, көлікті заңдастыру сынды қызметтер М. Әуезов 157 мекенжайы бойынша №1 ХҚКО-да көрсетіледі. Ал темір тұлпарды заңдастыру үшін криминалистер көлікті қарау жұмыстарын Нефтепроводная 7 мекенжайы бойынша орналасқан арнайы аумақта жүзеге асыра береді.

«Дайын құжаттарды беру және практикалық бөлігін тапсыру Нефтепроводная 7 мекенжайында орналасқан арнайы ХҚКО ғимаратындағы автодромда жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушылардан арнайы ХҚКО ғимаратын күрделі жөндеуге байланысты уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін түсінісік көрсетулерін сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша +77152 -55-10-21телефон нөміріне хабарласуға болады», – делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: БЖЗҚ зейнетақы жинағына қатысты мәлімдеме жасады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x