Көлік салығын төлемеген адамдардың банктегі есепшоты бұғатталмақ

Алдағы уақытта көлік салығын төлемегендердің банктегі есепшоты бұғатталады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бүгіндері салық төлемеген азаматтардың қарызы 27 млрд теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ел азаматтары 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеулері тиіс еді. Алайда, ережеге бой ұсынбай, талапты орындамай жүргендер жетерлік. Ал 26 мамырдан бастап 1 АЕК-тен (3450 теңге) аса берешегі бар борышкерлердің тізімі сот орындаушыларға жолданады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олар банк шоты мен мүлікті бұғаттауға құқылы. Егер автомобиль иесінің берешегі 40 АЕК, яғни 138 мыңнан асса, онда оның елден шығуына тыйым салады.

Тағы оқыңыз: Мамандандырылған ХҚКО уақытша басқа ғимаратқа көшіріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x