Магистратура грантына құжат қабылдау басталды

Бүгін елімізде магистратура грантына құжат қабылдау басталды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл 13 мыңнан астам грант бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Министрлік өкілдерінің дерегінше, биыл магистратураға түсу ережелері сол қалпында қалды. Шекті балл да өзгермеген. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін 75, бейіндік бағыт бойынша 50 ұпай жинау қажет. Қоса өтсек, биыл магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Конкурсқа құжат қабылдау рәсімі бүгін басталды. Осы уақытқа дейін 40 мың қазақстандық оқуға түсу үшін тест тапсырған. Орташа көрсеткіш – 70, ал жиналған ең жоғары балл 136-ны құрайды.

«281 қатысушының нәтижесі жойылды. 189 адам тестілеуге тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сонымен қоса, ереже бұзған 89 азамат аудиториядан шығарылды», – делінген министрлік жазбасында.

Тағы оқыңыз: Отбасы банкіндегі депозитті енді тек туыстарға ғана табыстауға болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x