Қазіргі таңда кофе көптеген адамдардың сүйіп ішетін сусынға айналған. Статистикаға сүйенсек, ол мұнайдан кейін ең көп сатылатын өнімге жатады екен. Алайда, сусынның бұл түрін мөлшерден тыс ішу адам ағзасына кері әсерін тигізетінін ұмытпаған жөн. Qazaqstan Media тілшісі дәрігермен тілдесіп, кофенің пайдасы мен зиянын сұрады.

Алдымен кофенің пайдасына тоқталайық. №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Ертай Тасболатовтың айтуынша, кофе бойға сергектік беріп, жұмыс өнімділігін арттырады. Яғни, ағзадағы метаболизм процессін жылдамдатады. Сонымен қатар, жаттығудан кейінгі бұлшық ет ауруын басады.

«Бұл сусын күйзелістен құтқарады. Құрамындағы кофеин ағзаның қозғалыс, есте сақтау және ойлау қабілеттеріне жауап беретін дофамин гормонын бөлуге септеседі. Тағы айта кетерлігі, кофе Альцгеймер мен Паркинсон ауруларынан сақтайды», – дейді дәрігер.

Осыған қарамастан, кофенің зиянды тұстары да жетерлік. Оны көп мөлшерде пайдалану ұйқысыздық пен тәттіқұмарлыққа алып келеді. Бұдан бөлек, репродуктивті жүйеге әсер етеді. Сусын қан қысымын көтереді. Яғни, мұндай проблемасы бар жандарға кофе ішуге болмайды. Ертай Тасболатовтың сөзінше, науқастар базисті ем қабылдайды. Кофеин дәрілік заттардың әсерін арттырып немесе керісінше әлсіретіп жіберуі мүмкін.

«Егер кофені көп мөлшерде ішіп қойсаңыз келесі жағымсыз жағдайлар болуы мүмкін: жүрек соғысы жеделдейді, ми тамырлары күрт тарылуы мүмкін. Бойды әлсіздік билеп, тіпті адам естен талып қалуы да ғажап емес. Тағы жүрек айнып, артынша диареяға ұласып, тершеңдікке әкелуі мүмкін», – дейді маман.

Тағы оқыңыз: Шашқа зақым келтірмеу үшін кәсіби бояу жаққан дұрыс – петропавлдық колорист

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x