Жуырда Грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарған Ислам Евлоев Петропавлға оралды. Ел мерейін асырған спортшыны жерлестеріміз күтіп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жуырда Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде теріскейлік палуан Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, топ жарды. Бүгін жеңімпаз Петропавлға оралды. Ел мерейін асырған спортшымызды жерлестері теміржол вокзалынан сән-салтанатпен күтіп алды.

Ислам жеңіс жолында төрт белдесу өткізген. Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея палуандарын қоғадай жапырды. Олай айтуымызға себеп бар. Жерлесіміз барлық кездесуде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан.

Грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарған Ислам Евлоев Петропавлға оралды
Грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарған Ислам Евлоев Петропавлға оралды

«1 айдың ішінде 2 рет Азия чемпионатына қатыстым. Ересектер арасындағы додада қола жүлдеге ие болдым. Жарысқа тыңғылықты дайындалдым. Әр қарсыласымды жіті зерттеп, қарсы тактика ойластырдық. Соның арқасында жеңіске жеттім», — деді грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионы Ислам Евлоев.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *