Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады. 2026-2027 оқу жылынан бастап 5-9 сынып оқушыларына «Жеке қауіпсіздік» пәні оқытылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа пән «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында енгізіледі.

«Бұл пән жол жүру ережелерін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Пән оқу бағдарламасына енгізіледі. Сонымен қатар жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары болады. Балаларды оқытуда шешілуі қажет барлық өзекті мәселе ескерілді», — деді министр.

Жаңа пән аясында оқушылар жол қозғалысы ережелерімен қатар, қоғамдық орындарда өзін ұстау, жеке қауіпсіздікті сақтау және түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгереді.

Бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Өркен» орталығы әзірлеген. Пәнді мұғалімдер мен психологтар жүргізеді.

Тағы оқыңыз: Грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарған Ислам Евлоев Петропавлға оралды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *