Ғ. Мүсірепов ауданында Мұқыр ауылы маңында Есіл өзеніне шомылуға барған жасөспірім суға батып кетті. Оның денесін құтқарушылар алып шыққан, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға 22 маусым күні кешкісін орын алды. Өзенге шомылуға барған 2009 жылы туған бала суға батып кеткен. Ол шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Жасөспірімнің денесін өзенне құтқарушылар алып шықты.
«СҚО ТЖ департаменті қауіпсіз демалу үшін барлық жағдай жасалған және құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған ресми жағажайларда ғана шомылу қажеттігін еске салады. Тыйым салынған жерлерде шомылатын бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылады»,-деп ескертеді СҚО ТЖД.
Айыппұл мөлшері 30 мың теңгеден асады.
Тағы оқыңыз: Пестрое жағажайы мен тағы 10 демалыс аймағында қажетті құжат жоқ

