27 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Осыған орай облыстық «Әділет» партиясының өкілдері Мағжан Жұмабаев ауданындағы заманауи мал шаруашылығы кешендерінің біріне барып, еңбек адамдарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«СК Агро-2050» серіктестігінде бүгінде 48 адам еңбек етеді. Кәсіпорында заманауи технологиялар енгізіліп, бұрын қолмен атқарылған бірқатар жұмыс автоматтандырылған. Мұнда жұмысшыларға қолайлы жағдай жасалған, қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген.

Фермада Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі сауын «карусельдерінің» бірі орнатылған. Ол бір уақытта 100 сиырға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Дегенмен технология қанша жерден дамығанымен, өндірістің негізгі күші – адам. Сауыншылар, ветеринарлар, зоотехниктер және өзге де мамандардың күнделікті еңбегі шаруашылықтың тұрақты жұмысына тікелей әсер етеді.

«Еңбек адамы — елдің байлығы». Еңбек адамының қоғамдағы рөлі ерекше. Осы жандардың арқасында тұрғындардың дастарханына ақ пен нан жетіп отыр. Күні-түні аянбай еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосуда», — деді филиал төрағасы Қалия Төренова.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/petropavlda-ondaghan-milliard-tengge-turatyn-uesh-iri-sport-nysany-salynady/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *