Елімізде мектептерде ұялы телефон ұстау заңмен шектеледі

Қазақстанда білім ордаларында енді смартфондарды ұстау заңмен бақыланатын болады. Оған қатысты заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларға білім беру, тәлімгерлік және олардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның негізгі міндеттері – жетім балаларға тәлімгерлік институтын енгізу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының басқару еркіндігін кеңейту.

Заңда орта білім беру ұйымдарында смартфондарды пайдалану ережелерін бекіту қарастырылған. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл норма тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты екенін, баланың ұялы телефонын мектепке әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алатынын түсіндірген еді.

Сондай-ақ бірінші сыныпқа тестілеусіз қабылдауды, балабақшалардан орын берудің бірыңғай басымдығын қамтамасыз етуді, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, суицидке итермелейтін, діни сипаттағы және т.б. ақпараттың таралуына жол бермеу шараларын қабылдау көзделген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қылмыс жасау көрсеткіші 23% төмендеді

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x