Елімізде алдағы үш күнде бұрқасын, көктайғақ болады

«Қазгидромет» мамандары 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қалың қар түсуі мүмкін. Күндіз де жауын-шашын болуы ықтимал.

«23 желтоқсанда Атлантикалық циклонының әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі. Сондай-ақ тұман болады. Дегенмен, ауа температурасында күрт өзгеріс күтілмейді», – делінген синоптиктер мәліметінде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл тұрғынынан 977 литр заңсыз алкоголь тәркіленді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x