СҚО әкімі Анатолий Башмаковқа «Алғыс» кеуде белгісі табыстады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде «СҚО-ғы бірлік пен келісімнен елдегі үйлесімділік пен ұлттық бірегейлікке дейін» деп аталатын семинар-практикум өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жиын өңірдегі ұлтаралық татулық пен Ассамблеяның маңыздылығы жайында болды. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты. Семинар-практикум барысында облыс әкімі ел бірлігін нығайтуға үлес қосқаны үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Алғыс» кеуде белгісімен Анатолий Башмаковты марапаттады.


Анатолий Башмаков – М. Жұмабаев ауданының тумасы. Экономика ғылымдарының докторы, мемлекеттік және саяси қайраткер. Әр жылдары түрлі қызметте болды. Өңір атынан ҚР Сенаты депутаты болып та сайланды. 2015 жылдан бастап Л.Гумелев атындағы Еуразиялық ұлтық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі.

Тағы оқыңыз: Елімізде алдағы үш күнде бұрқасын, көктайғақ болады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x