Екі бала мен әйел қаза тапты: Петропавлда болған өртке қатысты істі алқабилер соты қарайтын болды

Петропавлда азаматтық некедегі әйелі мен оның қызын және інісін өлтірді деп айыпталып отырған Александр Канищевке қатысты істі алқабилер соты қарайтын болды. Бұл туралы СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен отырыста белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға былтыр қыркүйек айының 25-і күні болған. «Береке» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірі өртеніп, екі бала мен әйел қаза тапқан еді. Кейін осы жағдайға қатысты қайтыс болған Алина Котяштың азаматтық некедегі күйеуі күдікке ілініп, қамауға алынды. Араға жарты жыл салып сот процессі басталды. Александр Канищевке ҚР ҚК 4 бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол – бұзақылық, тонау, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру және адам өлтіру.

Екі бала мен әйел қаза тапты: Петропавлда болған өртке қатысты істі алқабилер соты қарайтын болды

Сот залына қос тараптың ата-аналары келген. Алинаның анасы Надежда Котяштың айтуынша, қызы Александр Канищевпен бар болғаны 3 ай тұрған. Бірақ екеуінің қарым-қатынасы жақсы болған дейді.  

«Қызым мен жиенімді не үшін өлтіргенін түсінбеймін. Араларында не болғанын да білмеймін. Бірақ тергеу шаралары оның кінәлі екендігін көрсетіп тұр. Туған әкесі болмаса да жиеніме жақсы қарайтын. Ұрып-соқты деп те айта алмаймын. Өйткені, балалардың денесі жанып кеткен. Жерлеген соң бір айдан кейін эксгумация жасалды. Оның нәтижесі де түк көрсеткен жоқ», – дейді Алина Котяштың анасы Надежда.

Ал 26 жастағы Александр Канищевтің анасы Оксана Шарая баласының кінәлі емес екендігіне сенеді. Сондықтан оқиғаға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Сот отырысы барысында айыпталушы тарап істі  алқабилер сотында қарауды сұрап өтініш білдірді.

Екі бала мен әйел қаза тапты: Петропавлда болған өртке қатысты істі алқабилер соты қарайтын болды
Екі бала мен әйел қаза тапты: Петропавлда болған өртке қатысты істі алқабилер соты қарайтын болды

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 319, 322, 328, 330, 634-баптарын басшылыққа ала отырып, сотталушы Канищев Александр Евгеньевичтің алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарау туралы өтініші қанағаттандырылсын. Канищевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сол күйінде қалдырылсын. Алқабилер тізімінен 200 кандидатын іріктеліп алынады», – деді СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сәуле Литфуллина.

Келесі сот отырысы алқабилердің қатысуымен 10 сәуір күні өтеді деп жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Ғ. Мүсірепов ауданына құтқарушылар тобы аттанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x