Петропвлда жеке үй өртеніп, әйел мен 2 бала қаза тапты

Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2 бала мен 20 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Qaqastan Media тілшісі.

Өрт туралы ақпарат 101 номеріне қыркүйектің 25-і кешкі сағат 21.35-те түскен. Қызыл жалын Волочаевская көшесі, 113 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде бас көтерген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер 5 минутта жетті.

«От 19 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндіру жұмыстарының барысында 2003 жылғы әйел мен 2018 және 2022 жылы туған екі баланың денесі табылды. 2023 жылғы 15 маусымда Петропавл қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері мен полицейлер бірлесіп
өрттің алдын алу бойынша халықпен профилактикалық жұмыс жүргізіп, тұрғын үй секторын аралағанда бұл үйде болған. Қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтарының есебінде тұрған жоқ», – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Отты ауыздықтауға 15 маман мен 3 техника жұмылдырылды. Қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев, СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов келді. Қаза тапқандардың туыстары және жақындарына психологиялық көмек көрсетілді.
СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері пешті, жылыту құралдарын, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда сауда нүктелерінде таразыларды тексеретін болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x