[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/27a4fc24-5fa8-4702-9563-c0757da047e7-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Бала күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің мерізімі ұзартылды. Осыған дейін бұл көмек бала бір жасқа толғанша ғана тағайындалса, енді ол 1,5 жасқа дейін беріліп жатыр. Былтыр өңірде ана мен баланы қолдауға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4,6 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әйелдерді қолдау мақсатында 2008 жылдан бастап халықаралық стандарттарға сәйкес ана мен баланы міндетті сақтандыру енгізілген. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40% -ын құрайды. 2022 жылы обыста ана мен баланы қолдау үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4,6 млрд теңге төленген. Оның ішінде жүктілікке және босануға 2,2 млрд теңге, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша 2,4 млрд теңге берілді.

«Жүктілік және босану бойынша біржолғы әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген демалыс күннен бастап төленеді. Соңғы 12 айда жүргізілген әлеуметтік  аударымдар  орташа айлық кіріске және еңбекке уақытша жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады»,-дейді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының СҚО бойынша филиал директоры Анар Жүнісова.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x