Боголюбово ауылының көшесін су басты

Тасыған өзен суы Қызылжар ауданындағы Боголюбова елді мекеніне жетті. Су ауылдағы үйлерге кіре бастаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжар ауданына қарасты Боголюбова ауылының бір көшесін су басты. Тұрғындар мен үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді. Ауыл азаматтарының айтуынша, өзен суы кеше таңертең көтеріле бастаған Ал бүгін таңертең ауылға кірген. Тұрғындар бірден үйлерін босатқан. Себебі, жергілікті билік өкілдері оларды алдын ала құлағдар еткен.

«Су тасқыны болады дегеннен бастап, бәрімізге хабарландыру айтылды. Ауыл әкімі де, құтқарушылар да үй-үйді аралап жүрді. Оларға алғысым шексіз. Су тез келді. Кешеден бері қауіпсіз жерге көшу туралы ескертті. Бүгін таңертең су жақындаған кезде бірден үйден шықтық. Ауылды былай су басқанын көрген емеспін. 2017 жылғы тасқын кезінде де былай болған жоқ. Ол кезде ауыл шетінде бөгет те болған жоқ. Биыл бөгет бар, соның үстінен су асып келіп жатыр. Ол болмаса, түгеліміз су астында қалатын едік», – дейді ауыл тұрғыны Вера Данилова.

Қазір ауыл тұрғындарының кейбірі туыстарына кеткен. Қалғаны мектептегі эвакуациялық пункте орналастырылды. Ол 40 орынға шақталған.

«Су басқан көшеден барлық азаматтар көшірілді. Үй жануарлары да шығарылды. Қазір кей жерлерде ауылдағы судың тереңдігі 1,5 метрді құрайды. Біз су басқан үйлерді қайта-қайта тексеріп шықтық. Ешкім қалған жоқ», – деді Түркістан облысынан келген құтқарушы Дархан Бесеуов.

Куйбышев селолық округінің әкімі Лариса Викторовичтың айтуынша, су төменде орналасқан үйлерге кірген. 31 адам қауіпсіз жерге шығарылыпты. Қазір жағдай бақылауда. Қажет болып жатса, басқа көшенің тұрғындары да эвакуацияланады.

Тағы оқыңыз: Астананың такси жүргізушілері гуманитарлық көмекті тегін  жеткізді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x