Биыл 2 мыңнан астам адамға қайтарымсыз грант беріледі

Бүгін елімізде қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталды. Биыл мұндай мүмкіндікке 2697 адам ие болмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал. Оған өтініш Business.enbek.kz порталында қабылданады. Грант мөлшері – 1 380 000 теңге (400 АЕК), әр қатысушыға тек бір рет беріледі.
Өтінім беру үшін:
* порталда тіркелу;
* грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
* бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
* өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 81-дегі ата үйленіп, 82 жастағы әжей тұрмыс құрған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x