Қазақстанда дәрілік заттар таңбалануда

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін 15 мыңнан астам препарат қамтылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске салсақ, ел аумағында дәрілік заттарды таңбалау жүйесі 2022 жылғы шілдеден бастап кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Қазіргі уақытта дәрілік заттардың 90 атауына қолданылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, цифрлық таңбалаудың мақсаты – цифрлық бақылау технологиялары арқылы көлеңкелі фармацевтикалық нарықты жою болып табылады. Дәрілік заттарды таңбалауды дәрілік заттардың қаптамасының әрбір бірлігіне өндіруші/импорттаушы жүзеге асырады.

«Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі Қазақстан аумағындағы дәрілік препараттардың айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл айналымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін бүкіл әлемде қолданылатын Track&Trace жүйелерінің класы (түрі). Таңбалаудың арқасында ешбір өнім тауар айналымы тізбегіне еш жерден түсе алмайды», – деп таратты Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Тағы оқыңыз: Биыл 2 мыңнан астам адамға қайтарымсыз грант беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x