Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейту үшін 680 млн теңге жұмсалды

Жаңа оқу жылында өңірдегі білім беру ұйымдарын мамандандырылған күзетпен және қауіпсіздік жүйелерімен қамту үшін 680 млн теңге жұмсалды. Бұл жайында облыс әкімі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Солтүстік Қазақстанда 49 білім беру нысанын жөндеуге 4,3 млрд теңге бағытталды. Соның бесеуі бүгіндері жаңа оқу жылына дайын. Ал қалған 42 мектепте шаруа 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

«Қалған екі мектепте жұмыс 50 пайызға орындалды. Жалпы, бұл жағдай мердігер ұйымдардың қажетті құрылыс материалдарын жеткізе алмауынан  туындап отыр. Бүгінгі күні әкімдіктер еңбек ресурстарын және қажетті техниканы қосымша жұмылдырды. Оқу жылы басталғанға дейін жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров бүгінгі Үкімет отырысында.

Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікке баса назар аударылмақ. Мектептер мамандандырылған күзетпен және қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Бұл іске 680 млн теңге бағытталды.

Тағы оқыңыз: Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 29 автобус сатып алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x