СҚО-да 35 адам алкогольдік ішімдік ішіп, рөлге отырған

Солтүстік Қазақстан облысында 35 адам көлік тізгініне мас күйінде отырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен аптада облыс аумағында «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 6 күн ішінде СҚО жолдарында жолда жүру ережелерін бұзудың 1888 фактісі тіркелді. Полицейлердің ақпаратынша, оның 299-ы – жылдамдықты асыру, 273-і – қауіпсіздік белдігін тақпау, 162-сі – көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану деректері.

Алкогольдік ішімдік ішіп алып, көлік тізгініне отыратын солтүстікқазақстандықтар әлі де тыйылмай тұр. Профилактикалық шара барысында мұндай 35 жүргізуші ұсталған.

Ереже бұзатын жаяу жүргіншілер де бар. Бұл күндері 253 факті тіркелді.

Тағы оқыңыз: Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейту үшін 680 млн теңге жұмсалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x