Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 29 автобус сатып алынды

СҚО-да мектеп оқушыларын тасымалдауға қажетті көліктер қатары артты. Биыл білім басқармасы су жаңа 29 автобус сатып алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтың мәліметінше, биыл 297 елді мекенде тұратын 2 621 бала мектепке автобуспен жеткізіледі. Олардың бір мыңы мектеп жанындағы интернаттарда тұрып, тек демалыс күндері үйлеріне барады екен.

«Облыста 143 автокөлік бар. Жазда біз 29 шағын автобус сатып алдық. Жаңа оқу жылының алдында аудандық білім бөлімдеріне кілттерді табыстаймыз», — дейді Нәзір Жәшібеков.

Биыл балаларды оқулық және көркем әдебиетпен қамту үшін 700 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ осы жылы 39 мыңға жуық бастауыш сынып оқушысы тегін тамақпен қамтылады.

Жалпы, жаңа оқу жылында мектеп партасына 75 248 солтүстікқазақстандық бала отырады. Соның 7 247-сі бірінші сынып оқушысы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да күздік дақылдардың 44%-ы жиналды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x