Белгілі қоғам қайраткерлері Қожаберген жыраудың мазарына барып дұға оқытты

Еліміздің әр өңірінен келген қоғам қайраткерлері ақын әрі батыр, қолбасшы Қожаберген жыраудың мазарына барып, рухына құран бағыштады. Меймандармен жыраудың 11-ші ұрпағы да жолықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 360 жыл, ал «Елім-ай» дастан жырына 300 жыл  толып отыр. Осыған орай өлкеге келген бір топ мейман Жамбыл ауданында бас қосты. Олар дарабоздың мазарына барып, рухына құран бағыштады.

Жиынға Қожаберген жыраудың ұрпақтары да келген.

«Елім-ай» дастанын оқымаған қазақ жоқ шығар. Тырнақалды туындының авторы – менің 11-ші атам Қожаберген. Атам – бар қазақтың мақтанышы, 100 жасаған», – дейді Қожаберген Толыбайұлының 11-ші ұрпағы Бектас Тыртаев.

Тарихи деректерге сүйенсек, Қожаберген жырау араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Осының арқасында Тәуке ханның сенімді елшілерінің бірі болған екен. Дана тұлғаның ел арасында шежіреші атымен танылғанын да білеміз. Ол өзінің ауылында мешіт-медресе ашып, ислам дінін насихаттаған. Сондай-ақ, сол кездегі халықтың жай-күйін, мұң-мұқтажын жырға қосып, қилы заманды суреттеген.

«Қожаберген жырау ұлтымыздың ұлы тұлғасы. Оның қаламынан туған «Елім-ай» дастаны кез келген оқырманның жүрегін елжіретпей қоймасы анық. Тарих ғылымдарының докторы, ғалым, профессор Манаш Қозыбаев бұл жырдың қырғыздың «Манас», гректің «Одессеясымен» тең келетінін атап кеткен», – дейді «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-заңгері Бекет Тұрғараев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Елім-ай» дастанына 300 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция өтті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x