Бүгін Петропавлда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманының «Елім-ай» дастанына 300 жыл» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген білікті профессорлар мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл атақты батыр, суырып салма ақын, жерлесіміз Қожаберген жыраудың туғанына 360 жыл толып отыр. Осыған орай өңірге бірқатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, профессорлары келді. Бір топ мейман алдымен қаланың кіреберісіндегі Қожаберген жыраудың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Кейіннен Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманының «Елім-ай» дастанына 300 жыл» атты ғылыми-практикалық конференцияға барды. Ауқымды жиында батыр бабамыздың ерлігі мен атақты «Елім-ай» дастанының шығу тарихы сөз етілді.

«Қожаберген жыраудың артына қалдырған рухани мұрасы өте бай. Солардың ішінде «Елім-ай» дастанының орны бөлек. Атақты жырау бұл еңбегінде өзі өмір сүрген дәуірді, қазақ халқының қабырғасы қайысқан заманды суреттейді, елдің мұңын жеткізеді. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алғанға дейін «Елім-ай», Қожаберген Толыбайұлы туралы көп жайдан хабарсыз болып келдік. Егемендік алған соң оның өмірі мен шығармашылығы жүйелі зерттеліп, жазыла бастады», – деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.


«Елім-ай» дастаны осыдан 300 жыл бұрын сәуір айында жазыла бастаған. Тарихи дастан 3 бөлімнен тұрады. Алғашқысында автор «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманына дейінгі қазақтың тұрмыс-тіршілігін, тарихын жырлайды. Екінші бөлімінде Қожаберген жырау өзінің қандай жағдайға ұшырағанын жазады. Соңғысында дауылпаз бабамыздың болашақ ұрпаққа артқан үміті баяндалады.

«Елім-ай» дастаны 15 мың данамен кітап болып шығарылды, 5 рет қайта басылып, халыққа таратылды. Басым көпшілігі еліміздің орталығы мен мектеп кітапханаларына тапсырылды. Кеше Қожаберген жыраудың басына барып, құран бағыштадық. Мерейтойға жиналып, жан-жақтан келген ғалымдарға, бізді қарсы алып жатқан облыс әкіміне алғысымды айтқым келеді. «Елім-ай» дастаны бірнеше жыл өтсе де, өзінің өзектілігін жоғалтпайтынтын туынды», – деді «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-заңгері Бекет Тұрғараев.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы қалай?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x